ҚР Тұңғыш Президенті қоры мен Гейдар Алиев қоры меморандумға қол қойды

БАКУ. ҚазАқпарат - Бүгін Әзербайжан астанасы - Баку қаласында ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы қоры мен Гейдар Алиев қоры әлеуметтік, мәдениет, ғылым және білім беру салаларында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
None
None

«Біздің қорлардың қызметі өте ұқсас. Сіздердің қорларыңыз білім беру, мәдениет, ғылым және әлеуметтік салаларда қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға белсенді түрде қатысады. Өзара ынтымақтастықтың арқасында еліміздің дарынды жастары мен жас ғалымдарын қолдауға бағытталған қызықты жобаларды жүзеге асыруда табысқа қол жеткізетінімізге сенімдімін», - деп атап өтті ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев.

Іс-шара барысында Гейдар Алиев қорының атқарушы директоры Анар Алекперов Қанат Жұмабаев пен ҚР-ның Әзербайжандағы елшісі Бейбіт Исабаевқа Гейдар Алиев қорының барлық идеялары мен бастамаларына қолдау білдіргені үшін алғыс айтты. Болашақта Қазақстан мен Әзербайжан халқы арасында өзара қатынастың нығайып, біріккен жобалардың көптеген ұйымдардың достастығы мен ынтымақтастығына сеп болатынына сенім білдірді.

Делегация сапар барысында Гейдар Алиев монументіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, қазақстандық қордың өкілдері Даун ауруына шалдыққан адамдарды оңалту орталығын, Гейдар Алиев музейін және бірқатар нысандарды аралады.

Еске салайық, ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы қоры Президенттің идеясы мен саясатын жүзеге асыруға бағытталып, жастардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін арттыруға, қайырымдылық қызметі мен сараптама-талдамалық орталықты дамыту үшін жұмыс жасайды.

Қор 2017 жылы 80-нен астам іс-шараны жоспарлады. Гейдар Алиев қоры 2004 жылы құрылып, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, ғылым және технология, экология, әлеуметтік және басқа да салаларға белсенді атсалысуда.

 

Соңғы жаңалықтар