ҚР Тұңғыш Президенті күні Ақмола облысында 17 нәресте дүниеге келді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың 11 айында Ақмола облысы бойынша 28 019 азаматтық ахуалы туралы акт жазбалары тіркелді. Осы мерзім ішінде облыс аумағында 11 530 жас нәресте дүниеге келді. Оның 5 955-і - ұл, 5 574-і - қыз бала.
None
None

Бұл туралы Ақмола облысы Әділет дапартаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. Ер балалардың арасында Артем, Кирилл, Максим, Ерасыл, Әмір, Санжар, Нұрислам, Әлихан және қыздар арасында Дария, Айзере, София, Айару, Айша, Әмина, Медина, Анастасия тәрізді есімдер көп қолданылуда. 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні облыста барлығы 17 нәресте (10 ұл, 7 қыз) дүниеге келді. Ал Көкшетау қаласында осы күні 6 бала туған, олардың барлығы ер бала. Оның ішінде бір ұлды ата-анасы ҚР Тұңғыш Президентінің есімімен «Нұрсұлтан» деп атады. Сонымен қатар 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында облыс бойынша 30 жұп некелерін қию жөнінде өтініш берген.

Соңғы жаңалықтар