ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында Наурыз мерекесіне орай балалар көрмесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 наурыз күні сағат 16.00-де ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде көктем мейрамына арналған «Наурыз» сәндік-қолданбалы өнер бойынша қалалық байқаудың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі және көрме өтеді.
None
None

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланған. Елордалық жалпы білім беретін мектептер, лицейлер мен гимназиялардың оқушыларының арасында жарияланған байқау балаларды көркемсурет мәдениетіне баулуға, дарынды балаларды анықтап,олардың, оқытушылардың шығармашылығын дәріптеуге бағытталған. Қазылар алқасының сараптамасына оқытушылар мен балалардың түрлі жанрдағы 100-ден астам еңбегі ұсынылды. Байқауға қатысушыларды ҚР Суретшілер одағының мүшелері және ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері бағалайды. Музейдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көрменің ашылу салтанатында байқау жеңімпаздары марапатталады. Сонымен қатар, сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сыныбы өтеді. «Наурыз» көрмесіне келушілер қатысушылардың үздік еңбектерімен таныса алады. Шараны «Балалық шақтан көзқарас» жобасы аясында балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубы елордалық Білім басқармасымен және ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайымен бірлесіп ұйымдастырған.

Соңғы жаңалықтар