ҚР ҰБ міндеті - 2016 жылы инфляция дәлізін 6-8 пайыздық қалпына келтіру

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі міндеті - 2016 жылы инфляция дәлізін 6-8 пайыздық қалпына келтіру. Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев осылай деді.
None
None

«Ұлттық банктің міндеті 2016 жылы инфляция дәлізін 6-8 пайыздық деңгейде қалпына келтіру болып табылады. 2015 жылғы теңге бағамын түзету әсері бағаға тікелей пропорционалды ықпал етпейді», - деді ол.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, теңге бағамының әлсіреуінен өткен жылдың қорытындысында инфляция 13,6 пайызды құраған.

«Инфляцияның 6-дан 8 пайызға дейінгі белгіленген дәлізге оралуы бірлескен күш-жігерді қажет етеді және Ұлттық банк пен Үкімет іс-қимылының үйлесімділігіне тәуелді болады», - деді Д.Ақышев.

Соңғы жаңалықтар