18:35, 15 Ақпан 2016 | GMT +5
ҚР Үкіметі 2016 жылғы демалыс күндерін 5-інен 7 наурызға ауыстыру туралы қаулы қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызметкерлердің демалысы үшін қолайлы жағдай жасау және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында 2016 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының үкіметі демалыс күндерін 2016 жылғы 5 наурыздан 2016 жылғы 7 наурызға ауыстыру туралы қаулы қабылдады.

Қажетті өнім шығару, қаржыны қоса алғанда қызметтерді көрсету, сондай-ақ құрылыс нысандарын қолданысқа енгізу үшін еңбек, материалдық және қаржылық ресурстар қамтамасыз етілетін ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша жұмысты 2016 жылғы 7 наурызда жүргізуге құқық беріледі.
Аталмыш күні жұмыс ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.