ҚР Үкіметі Арқалық қаласын түлетуге ресурстар бөледі - К.Мәсімов

ҚОСТАНАЙ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Үкіметі Қостанай облысының Арқалық қаласын түлету үшін қаржылай ресурстар бөледі. Бұл туралы бүгін Арқалық қаласында өткізілген баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов хабарлады.
None
None

«Арқалықта шешімін күткен мәселелер көп. Облыс әкімінде Арқалықты түлетуге, жаңа өндіріс орындары мен жұмыс орындарын ашуға арналған нақты бағдарлама да бар. Менің ойымша, бұл жаман емес», - деді Премьер-Министр.

ҚР Министрлер Кабинетінің басшысы атап өткендей, қазіргі күні Арқалық қысқы кезеңге дайындалу үшін Үкіметтен көмек күтіп отырғаны, Елбасы осы шешімге келгенін атап өтті. «Біз бұл тапсырманы орындаймыз, қажетті қаржыны бөлеміз», - деп атап өтті К.Мәсімов.

Арқалық қаласының негізі 1965 жылы салынған, жалпы жер аумағы 15,6 мың шаршы метр. 2010 жылғы сәуірдің 1-іне шаққанда бұл жерде 40,7 мың тұрғын бар.

Соңғы жаңалықтар