ҚР Үкіметі инфляцияны ауыздықтау үшін қысқа мерзімді және жүйелі шаралар кешенін жүргізуде - «Нұр Отан» ХДП Халықтық тұғырнамасы

ТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2007 жылғы Парламент Мәжілісіне сайлауда «Нұр Отан» партиясы Халықтық тұрғырнамасын ұсынып, Үкіметтің бес жылдық кезеңге арналған жұмыстарының негізгі ауқымын белгіледі.
None
None

Тұғырнаманың негізгі қағидаларының бірі баға өсуін шектеу, инфляциямен күрес болып табылады.

Ағымдағы жыл басынан бері Үкімет Ұлттық банкпен бірлесе отырып, инфляцияны 6,0-8,0 пайыз дәлізінде ұстап тұру мақсатында қысқа мерзімді және жүйелі шаралар кешенін белгіледі. 2011 жылы инфляция бойынша негізгі мақсаттарға қол жеткізу мақсатында Ұлттық банк ақша нарығының өтімділігін реттеу жөнінде шаралар қолданды.

Ұлттық банк шамадан тыс өтімділікті байластыру үшін қысқа мерзімді ноталар мен депозиттерді тарту жолымен сүзгілеу операцияларын өткізді.

Бұдан басқа, 2011 жылдың басындағы инфляциялық қысымның күшеюімен Ұлттық банк наурыз айында қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін 50 базистік пунктте 7,5 пайызға көтерді. Сондай-ақ мамыр айынан бастап банктердің ішкі міндеттемелері бойынша төменгі резервтік талаптар нормативін 2,5 пайызға арттырды және банктердің басқа міндеттемелері бойынша бұл көрсеткіш 4,5 пайызға көтерілді.

Азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында нарықтық тетікті қолдана отырып, азық-түлік нарығын реттеудің жедел және жүйелі кешенді шараларды жүргізілуде:

- аймақтар деңгейінде азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорларын құру;

- жеміс-көкөніс өнімдері айналымынан ҚҚС-ты алып тастау;

- халықтың тұрмысы төмен жіктеріне әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасы артқаны үшін өтемақы төлеу.

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңға сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің және реттелетін нарықтардың тарифтерін реттеу жүзеге асырылуда.

Экономикадағы басым байланыс операторларының бағаларына сараптама жүргізіліп, оның қорытындысымен Интернет желісіне алғашқы қол жеткізу қызметтеріне (байланыс опреаторлары үшін) тарифтер «Қазақтелеком» және «Транстелеком» АҚ-ларында 2 есе, сондай-ақ «Қазтранском» мен «Нұрсат» компанияларында 2011 жылдағы 1 тамыздан бастап 38 пайызға барынша төмендетілді.

Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерінің алдын алу және жолын кесу шаралары қолға алынуда.

Соңғы кезеңде бұл бағыттағы жұмыс едәуір күшейді. 2010 жылы мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттері фактілері бойынша 22 тексеру жүргізілді, ал 2009 жылы мемлекеттік органдарға қатысты 7 тексеру жүргізілген болатын.

Талдаулар көбіне жергілікті органдар рұқсат беру-лицензиялық рәсімдердің кейбір түрлерін беру тәртібін бұзады, ЖЖМ жеткізуші операторларын анықтауда заңсыз конкурстар өткізіледі, заңды тұлғаларды алдын ала монополияға қарсы органдның келісімінсіз тіркеуге қояды.

Соңғы жаңалықтар