ҚР Үкіметі инноваторларға қолдау жасайды - Кәрім Мәсімов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі инноваторларға қолдау жасайды. Бұл туралы Астанадағы «Қазақстан - жаңа жаһандық инновациялық хаб» Халықаралық инновациялық форумында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

ҚР Үкіметі инноваторларға қолдау жасайды - Кәрім Мәсімов

Инновацияларды дамыту және стартаптар жолы өте күрделі болатынына тоқталған Үкімет басшысы, дәл осындай бәсеке-тартыста жетістікке жету ең басты мақсат екенін, сондай-ақ бұл саланың мамандары алдында тұрғын қиындықтарды еңсеруге қауқарлы болуы қажеттігін атап өтті. К. Мәсімовтің пайымынша, Үкіметтің мақсаты - инноваторларды қолдай алатын институттар құру. «Біздің мақсат - сіздің тапқан идеяны жүзеге асыруға жағдайда жасау. Осы тұрғыда біз сіздерге көмектесеміз», - деді ҚР Премьер-Министрі. Айта кетейік, форумға инновация саласының сарапшылары, инвесторлар, 150 үздік стартаптардың негізін қалаушылар мен Орталық Азия, АҚШ, Еуропа және ТМД елдерінен келген 1500 мейман қатысуда.