ҚР Үкіметі Қазақстан аумағынан бензин және дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салды

АНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат. Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан аумағынан бензин және дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салу туралы ҚР Үкіметінің Қаулысына қол қойды,
None
None

 деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Бұл қаулы мұнай өнімдерінің ішкі нарығын тұрақтандыру мақсатында қабылданды.

Қаулыға сәйкес, бензинді 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін әкетуге тыйым салынды. Тұрмыстық пеш отынынан басқа, дизель отынын 2009 жылғы 1 қарашаға дейін әкетуге тыйым салынады.

Соңғы жаңалықтар