15:28, 14 Ақпан 2009 | GMT +5
ҚР Үкіметі ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекітті
АСТАНА. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат «ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының мәтінін жариялайды.
«ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы 2008 жылғы желтоқсанның 4-індегі ҚР Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес ҚР Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап қолданысқа енгізіледі және баспасөзде жариялауға жатады. ҚР Премьер-Министрі
Кәрім Мәсімов ҚР Үкіметінің 2008 жылғы желтоқсанның 23-індегі № 1203 қаулысымен бекітілген
Астана, Үкімет Үйі.