ҚР Үкіметі шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің экспортына кедендік баж салығын бекітті

АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ҚР Үкіметі шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің экспортына кедендік баж салығын бекітті.

ҚР Үкіметі шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің экспортына кедендік баж салығын бекітті

Бүгін Үкімет отырысында сәйкес қаулыны Экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Құсайынов таныстырды.

«Қаулының жобасында мұнай өнімдерінің экспортына кедендік баж салығының ставкаларына баса назар аударылған. Мәселен, мұнай өнімдерінің ашық түсті түрлеріне баж салығы - 99,71 долларды, ал қара түсті түрлеріне 66,47 долларды құрайды», - деді вице-министр.

М.Құсайыновтың сөзіне қарағанда, аталған қаулыда шикі мұнайдың бір тоннасына 20 доллар көлемінде экспорттық кедендік баж салығын белгілеу қарастырылған.