ҚР Үкіметі «Жұмыспен қамту» бағдарламасының бес айлық қорытындысын қарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі «Жұмыспен қамту» бағдарламасының бес айлық қорытындысын қарады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар
None
None

қызметіндегі брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті. «Бүгін біз Үкіметте «Жұмыспен қамту» бағдарламасының бес айлық қорытындысын қарадық. Биылғы жылы «Жұмыспен қамту» бағдарламасында біз негізгі үш мәселеге көңіл бөліп отырмыз. Біріншіден, бағдарламаның тиімділігін арттыру. Екіншіден, бағдарламаның көлемінде мемлекеттен берілетін қолдаудың атаулығын ары қарай жалғастыру. Үшіншіден, осы бағдарламаны басқару тетіктерін дамыту», - деді ол.

Оның атап өтуінше, биыл министрлік әкімдіктермен бірлесіп, аз қамтамасыз етілген және жұмыссыз, сонымен бірге өзін-өзі қамтылғандарды жұмысқа тарту мәселелері жөнінде жаңа индикаторлар айқындаған.

«Біздің бағдарламамыз жаңадан жұмыс орындарын ашпайды. Яғни, бұл бағдарлама басқа бағдарламалардың аясында ашылған жұмыс орындарына жоғарыда атап өткен азаматтарды жұмысқа орналастыру немесе өз кәсібін ашуға қолдау көрсетеді», - деді Т.Дүйсенова.

Соңғы жаңалықтар