18:12, 30 Наурыз 2010 | GMT +5
ҚР Үкіметінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жобасы бойынша елдің іскерлік және қаржылық топтары өкілдерімен кеңес өтті
None
АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жобасы бойынша елдің іскерлік және қаржылық топтары өкілдерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Талқылау қорытындысымен Премьер-Министр ҚР Үкіметінің кезекті отырысында қарау үшін құжатты дайындауды тапсырды.