ҚР Үкіметінде тұрғын үй нарығын тұрақтандыру мәселелері бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен тұрғын үй нарығын тұрақтандыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жұмыс тобының отырысына мемлекеттік органдардың, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ, құрылыс салушылар қауымдастығының, сондай-ақ, екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысты.«Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Әйтекенов дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру, атап айтқанда, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ мен ЕДБ арасындағы тұрғын үй нарығын тұрақтандыру жөніндегі тетіктерді жүзеге асыруда өзара іс-қимыл туралы келісім жөнінде баяндады.Келісім үлгісі ақпанның 13-інде Үкімет отырысында бекітілген.Ақпанның 14-інде, сенбі күні «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ он екі банкпен тиісті келісімге қол қойды.Тұрғындардың ерікті баға бойынша тұрғын үй алуын несиелендіру тетіктері дамуда. Қазіргі таңда құрылыс салушылар аталған тетік бойынша тұрғын үй сатып алуға ниет білдірген азаматтардан 1045 өтініштен тұратын пул құжаттарын «Қазкоммерцбанк» АҚ қарауына ұсынған. «Еуразиялық банкте» 100 сатып алушыдан құралған пул құжаттары қаралып жатыр. «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ хабарламасы бойынша «Даму» ШКДҚ АҚ мен салынған тұрғын үйді белгіленген баға бойынша өткізуге дайын 9 құрылыс салушының арасында несиелік келісім-шартқа қол қою дайындалуда.Астана қаласының, Индустрия және сауда министрлігі басшылығының екі апта ішінде Астана нысандарында жүргізілген құрылыс жұмыстары туралы хабарламасы тыңдалды.
Соңғы жаңалықтар