ҚР Үкіметінің басшысы мен Астана әкімі елордадағы құрылыс нысандарында болды
СТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін таңертең ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов елордада салынып жатқан әртүрлі маңыздағы құрылыс нысандарын аралап, кеңес өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көшпелі кеңеске құзырлы министрліктердің басшылары да қатысты. Кеңеске қатысушылар атбасын тіреген бірінші нысан - 7-ші Қысқы Азия ойындары өткізілетін Республикалық велотрек. Есілдің сол жағалауында бой көтеріп жатқан спорт кешенінде қосымша, бассейн, фитнес және гимнастикалық залдар, баскетболға арналған алаңдар, мейрамханалар, қонақ үйлер мен тағы басқалар қарастырылған. Астана әкімі мердігер компания «Мобитекс» ЖШС-ға алдағы қала күніне дейін велотректің негізгі құрылысын, ал 2010 жылдың қазанына дейін мұз алаңын аяқтауды тапсырды.
Кеңеске қатысушылар аралаған екінші нысан - 27 гектар жерде салынып жатқан Астана Жаңа университеті. Ағымдағы жылдың шелдесінде университет алғашқы студенттерін қабылдай бастайды деп жоспарлануда. Ғимараттың құрылысы толық аяқталмағанымен сабақтар алғашқы кезекте салынған тоғыз ғимаратта өтетін болады. И.Тасмағамбетов атап көрсеткеніндей, нысанның құрылысы мен инженерлік жүйелерді тарту бойынша кедергілер жоқ.
Ал «100 аурухана» бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан оңтүстік-шығыс шағын ауданындағы 350 жатын орынға арналған амбулаториялық-емханалық кешен, 2010 жылдың соңында іске қосылады. ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев бұл нысан бойынша да еш кедергілер жоқтығын және ол белгіленген мерзімінде пайдалануға берілетінін жеткізді.
Көшпелі кеңес қалалық әкімдікте жалғасты.