10:58, 07 Қыркүйек 2009 | GMT +5
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері спорттың алуан түрлері бойынша әлем чемпионаттарында алтын медальдар жеңіп алды
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшілерінің үш спортшысы өткен аптада спорттың алуан түрлері бойынша әлем чемпионаттарында алтын медальдар жеңіп алды,
деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Майор Наталья Гурова тамыздың 25-інде Финляндияда өткен мылтық ату сайысында алтын медаль олжалады. Прапорщик Людмила Шумилова тамыздың 27-сінде Венгрияда өткен су астында жүзуден бірінші тұғырға көтерілді. Тамыздың 30-ында келісімшарт бойынша қызмет ететін қатардағы жауынгер Максим Раков Голландияда өткен дзюдошылардың әлемдік біріншілігінде алтын медаль еншіледі.