Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР ҰКП кәсіпкерлер мәселесін «Проблемалар тізілімі» онлайн-жобасы арқылы шешпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге қолдау көрсету аясында «Проблемалар тізілімі» бірегей онлайн-жобасын таныстырды.

ҚР ҰКП кәсіпкерлер мәселесін «Проблемалар тізілімі» онлайн-жобасы арқылы шешпек

Осы шара барысында аталған жоба іске қосылатын ҰКП-ның жаңартылған сайты (palata.kz) көпшілік назарына ұсынылды.

ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаеваның сөзіне қарағанда, «Проблемалар тізілімі» елімізде кәсіпкерлер құқығын қорғау және қолдау көрсету мақсатында әзірленді. Сонымен қатар ол бизнес өкілдері кәсіпкерлік қызметі барысын туындаған қиындықтар жайында хабарламалар орната алатын онлайн платформа болмақ. «Бұл жоба кәсіпкерлердің мәселелерін жүйелі түрде шешуге жағдай жасайды. Ең бастысы «Проблемалар тізілімі» мемлекеттік органдармен тиімді өзара әрекеттемтікті орнатуға жағдай жасап, кәсіпкерлер алдындағы кедергілерді шешуге мүмкіндік береді»,-деді Г. Құрбанбаева.