ҚР Ұлттық банкі 2014 жылдың І тоқсанында зейнетақы активтерін басқару тұжырымдамасын ұсынады

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі 2014 жылдың 1-тоқсанында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырылған зейнетақы активтерін басқару тұжырымдамасын ұсынуды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қымзетінде өткен брифингте ҚР Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

ҚР Ұлттық банкі 2014 жылдың  І тоқсанында зейнетақы активтерін басқару тұжырымдамасын ұсынады

«Біз бірінші тоқсанда Үкіметпен бірлесіп, қаржы нарығына қатысушыларға зейнетақы активтерін басқару тұжырымдамасын ұсынамыз», - деді ол.

Банк төрағасы өз сөзінде Мемлекеттік жинақтаушы зейнтақы қоры базасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы шешім қабылданғанын атап өтті. Сондықтан да қазіргі таңда зейнетақы қорларының активтерін БЖЗҚ-ға беру шаралары жүргізілуде.

«4 қор бойынша жұмыстар аяқталды. Тағы 5 қормен жұмыс істеу керек. Бұл жұмыстар келесі жылдың 1-тоқсанында, яғни 1 сәуірге дейін аяқталатын болады», - деді Қ.Келімбетов.