16:27, 31 Желтоқсан 2015 | GMT +5
ҚР Ұлттық банкі айырбастау пункттеріндегі доллар мен еуроны сатып алу және сату арасындағы жаңа айырмашылықты бекітті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық Банктің қаулысымен айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері бекітілді.

Бұл туралы ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметінен хабарлады.
Осылайша, қаулыға сәйкес, «Уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері:
1) АҚШ доллары үшін - 6 теңге;
2) еуро үшін - 7 теңге болып белгіленсін».
Сондай-ақ құжатта қаулы 2016 жылдың 1 ақпанында күшке енеді деп жазылған.