ҚР Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасы төмендеді

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - ҚР Ұлттық Банкінің Басқармасы   қыркүйектің  4-нен бастап  ресми қайта қаржыландыру ставкасын жылдық 7,0 пайыз деңгейінде белгілеуге шешім қабылдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Бұл белгілеу  «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңына сəйкес жүзеге асырылған.

    Ресми қайта қаржыландыру ставкасын азайту  тамыз айындағы жылдық инфляцияның 6,2 пайызға дейін төмендеуіне, сондай-ақ отандық банкаралық нарықтағы нарықтық ставкалардың кемуіне байланысты орын алған. Атап айтқанда, KazPrime индикаторы 2009 жылғы тамыздың аяғындағы жағдай бойынша 2009 жылғы наурыздағы 15,04 пайыздық  ең жоғары мəннен төмендеп, 6,47 пайыз болған. Ресми қайта қаржыландырудың осындай деңгейі тек 2003 жылғы шілденің  7-сі мен 2005 жылғы  ақпанның 1-і аралығындағы кезеңде ғана орын алған еді.

Соңғы жаңалықтар