ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары ШЫҰ Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылым кеңесінің төрағасы болып сайланды

занның 16-сы.  ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Жұма күні   Ташкентте   Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Аймақтық  лаңкестікке  қарсы  құрылым кеңесінің  кезекті  XV мәжілісі   өтті. Оның   жұмысына  Қазақстан, Қытай,   Қырғызстан, Ресей,  Тәжікстан  және Өзбекстан   елдерінің арнайы  қызметтерінің  бірінші басшылары  қатысты.

ҚР Ұлттық  қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші  орынбасары ШЫҰ Аймақтық  лаңкестікке  қарсы құрылым    кеңесінің  төрағасы  болып    сайланды

ШЫҰ  Аймақтық   лаңкестікке  қарсы  құрылым   кеңесінен   хабарлағанындай,   мәжіліске  қатысушылар    лаңкестікпен,  сепаратизммен  және экстремизммен  күрес  саласындағы  ынтымақтастықты   жетілдіру  мәселелерін  талқылады.   Оған қоса,  Тәжікстан  Республикасының аумағында  өткізілген  «Норак-Лаңкестікке қарсы-2009»  бірлескен        лаңкестікке қарсы  жаттығудың  қорытындысына  жоғары  баға берілді.    Сондай-ақ   Шанхай  қаласында  өтетін  «ЭКСПО-2010»     көрмесінің, 2010   жылы   Гуанчжоу    Азиялық ойындары  мен    2011   жылы  Қазақстандағы қысқы Азиялық   ойындардың   қауіпсіздігін қамтамасыз  ету    жөніндегі ШЫҰ елдерінің кешенді  шаралары  мақұлданды.

Осы  мәжіліске     қазақстандық  тарапты   бастап барған  Қазақстан  Республикасының  өкілі - Ұлттық  қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші  орынбасары Әділ Шаяхметов 1  жыл  мерзімге ШЫҰ  Аймақтық   лаңкестікке  қарсы  құрылым   кеңесінің төрағасы   болып   сайланды.    Кеңестің  келесі  мәжілісін  2010   жылдың сәуір айында Ташкентте өткізу  жоспарлануда.