ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Тимур Досымбетов өмірден озды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Тимур Досымбетов 58 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл ақпаратты Штаттық Ұлттық командалар дирекциясының баспасөз хатшысы Ардақ Тоғымов хабарлады.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Тимур Досымбетов өмірден озды

Небәрі 25 жасында Тимур Досымбетов бессайыстан Әлем чемпионы атанған. 1990 жылдан бері оның өмірі мен қызметі Ұлттық Олимпиада Комитетімен байланысты болды. 1982 жылы КСРО-ның еңбегі сіңген спорт шебері, Мемлекеттік телерадионың суперкубогының иегері, Таллиндегі қысқы чемпионаттың жеңімпазы, «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамдастығы төрағасының орынбасары. «Астана» (1998), «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медальдарымен марапатталған.