ҚР ҰОК президенті Лиллехаммердегі жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлерін құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ұлттық Олимпиада Комитетінің Президенті Тимур Құлыбаев Арина Пантова мен Элизабет Тұрсынбаеваға Лиллехаммердегі жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарының биатлон және мәнерлеп сырғанау бойынша қола жүлдеге ие болғандары үшін құттықтау жолдады.
None
None

Құттықтауда жас спортшыларға қазақстандық спорттың дамуына және оны әлемдік спорт аренасында танылуына қосқан үлестері үшін алғыс айтылды.

«Өз өнерлеріңді көрсету арқылы қазақстандық жанкүйерлерге жақсы көңіл күй сыйладыңыздар. Қол жеткізілген марапат - күнделікті еңбектеріңіздің жемісі және қазақстандық спортты әлемнің мойындауы бойынша жолы. Мықты қарсыластармен күресте қол жеткізілгендіктен жеңіс өте бағалы.

Сіздердің жетістіктеріңізге алдағы уақытта да қуанамыз деген үміттеміз!» - делінген Қазақстанның Ұлттық Олимпиада Комитетінің Президентінің 2016 жылға жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне арналған құттықтау хатында.

Соңғы жаңалықтар