ҚР Вице-премьері Е.Орынбаев Бизнестің жол картасы-2020 бойынша жобаларды жүзеге асырып жатқан Өскеменнің бірқатар кәсіпорындарында болды

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты - «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдауды» жүзеге асыру аясында аймақтық үйлестіру кеңесі тарапынан Өскеменде «Защита стансасында темір жол желісін салу» жобасы бойынша өндірістік инфрақұрылымды жеткізуге «Азия Авто» АҚ өтініші мақұлданып, Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісілген еді. Бұл жобаның құны - 74, 5 млн. теңгені құрайды, қазірдің өзінде оның 12 млн. теңгесі игерілді.
Қазіргі күні Өскеменнің автоқұрастыру зауытында «Лада 21214», «Skoda»: Оktavia А4, A5FL, Superb B5, B6, Fabia 05, Yeti, «Chevrolet»: Lacetti J200, Epica V250, Captiva C100, Cadillac, Aveo, Cruze, KIA: Cerato, Sorento, Mohave жеңіл көліктері құрастырылады. Толық циклды зауыттың іске қосылуы біздің елдің жаңа өндірістік мүмкіндіктерін құрып, жұмыс орындарының санын арттырады, дайын өнімдегі қазақстандық мазмұнды арттырады.
ҚР Вице-премьерінің барар жерлерінің тізімінде - «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «Востокмашзавод», «ВК жылыжай кешені» де бар.
Атап өтер жәйт, «Өскемен арматура зауытының» «Өндіріс қуатын жетілдіру, шығарылатын өнімдер номенклатурасын арттыру» жобасы қазіргі күні аса табысты жүзеге асып отырғандар санатында. Жоба 2010 жылдың екінші жартыжылдығында жүзеге асырылды, және бүгін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының үшінші бағыты - «Экспортқа бейімделген өндірісті қолдау» жүзеге асырылуда. Аймақтық үйлестіру кеңесі арматура зауытының несиелер бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың өтінішін мақұлдап Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісті.