ҚР вице-премьері Өмірзақ Шөкеев ӘКК қызметіндегі ең ұтымды бағыттарды ұсынды

ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – «Агроөнеркәсіп кешеніндегі әріптестік» аймақтық форумы жұмысының барысында ҚР вице-премьері Өмірзақ Шөкеев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының бірқатар жобаларын сынға алды және ӘКК-нің бұдан былайғы қызметтерінің басым бағыттарын белгілеп берді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Кейбір әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар лайықты іспен айналысып отырған жоқ. Үлкен кен орындарын, миллиардтаған долларға ірі жобаларды алды. Оның соңы не нәрсеге апарып соқтырды? Кен орындарына байланысты нәрселердің барлығы да ірі инвестицияларға тәуелді болып қалды. Дағдарысқа байланысты бұл мәнін жойған. Қазір ешқандай да инвестиция жоқ. Ірі қайта өңдеу зауыттарының да үлкен перспективалары көрініп тұрған жоқ. Құрылыс саласында да бес жыл көлемінде перспектива болмайды. ӘКК халықты еңбекпен қорғау мәселелерін шешуге болатын жобалармен айналысуы тиіс және сонымен қатар серпіліс жасауы керек», ? деді Ө.Шөкеев. Басым секторлардың ішінде, аймақтардың ерекшеліктерін ескергенде, ауыл шаруашылығы мен шағын және орта бизнес қалады. Сонымен қатар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары мемлекеттік бағдарлама бойынша құрылыс салу, оралмандарға арнап тұрғын үй тұрғызу бағыттары және жеке тұрғын үй бойынша жобаларды беруге әзір. «Жеке тұрғын үй бойынша ? біздер алдағы уақыттары тиісті желілерсіз адамдарға жер бермейтін боламыз. Учаскелерді бермес бұрын ӘКК желілерді тартуы, одан кейін ғана сатуы тиіс», ? деді ҚР вице-премьері.
Соңғы жаңалықтар
Референдум