20:17, 27 Қаңтар 2009 | GMT +5
ҚР вице-премьері Өмірзақ Шөкеев ОҚО тұрғындарын халық санағына белсенді түрде қатысуға шақырды
ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – ҚР вице-премьері Өмірзақ Шөкеев Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары барысында оңтүстік тұрғындарына ақпанның 25-інде елімізде халық санағының басталатынын еске салды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Мен барлық азаматтарды осы санаққа белсенді түрде қатысуға шақырамын. Санақшыларға есік ашудан сескенбеңіздер. Олардың арнайы нысанды киімдері, арнайы жарақтары бар. Қазір бұқаралық ақпарат құралдары арқылы олардың қандай жарақтары бар екені көрсетілуде. Олардың арнайы құжаттары болады. Сондықтан ешқандай қауіп жоқ, оларды құшақ жая қарсы алып, қойылған сұрақтарға барынша толық және дәл жауап қайтаруға тырысу керек», ? деді Ө.Шөкеев.