ҚР-ында өрт салдарынан 7 адам қаза тапты - ҚР ТЖМ

Жексенбі, 27 қараша күні, Алматыдағы 5 қабатты көппәтерлі үйден өрт шықты. Алған термиялық күйіктерден 32 жастағы ер адам ауруханада көз жұмып, тұншықтырғыш газдан уланған 5 жасар бала ауруханаға жатқызылды. Өрттен зақымдалған жер ауданы 5 шаршы метрді құрады. Өртті жоюға жеке құрамның 10 қызметкері мен ҚР ТЖМ Алматы қаласындағы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы жұмылдырылды.
Сол күні Ақтөбеде 3 қабатты тұрғын үйде пәтер жанды. Өртті сөндіру кезінде екі мәйіт табылды: біреуі 69 жастағы зейнеткер болса,екінші кісінің кім екені анықталған жоқ. Өрт аумағы шаршы 40 метрді құрады. Төтенше жағдайды жою жұмыстарына жеке құрамның 10 қызметкері мен ҚР ТЖМ Ақтөбе облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы жұмылдырылды. 3 адам мен 1 техника бірлігі ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасының орталығы» ММ-нікі.
Шығыс Қазақстан облысының Парыгино ауылында 27 қараша күні жеке тұрғын үйде өрт пайда болды. Оқиға орнында екі зейнеткер - ер адам мен әйелдің мәйіттері табылды. Өрттен зақымдалған жердің аумағы 75 шаршы метрді құрады. Өртті жоюға жеке құрамның 10 қызметкері мен ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы жұмылдырылды.
Петропавл қаласында жексенбі күні жеке тұрғын үй өртенді. Оқиға орнында 62 жастағы азаматтың мәйіті табылды. Өрт аумағы 24 шаршы метрді құрады. Өртті жоюға жеке құрамның 9 қызметкері мен ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы жұмылдырылды.
Ақтөбе облысының Комсомол ауылында 27 қараша күні «ВАЗ» автокөлігі өртенді. Оқиға орнында 42 жасар ер адамның мәйіті табылды. Өртті жоюда жеке құрамның 4 қызметкері мен ҚР ТЖМ Ақтөбе облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы жұмылдырылды.