ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы аймақ сот жүйесі қызметкерлерімен пікір алмасты

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Мұсабек Әлімбеков жұмыс бабындағы іссапармен Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданында болып, аймақ сот жүйесі қызметкерлерімен кездесіп, пікір алмасты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде осындай көлемде алғаш рет өткізіліп отырған мәжіліске облыстық соттың жауапты қызметкерлері, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағалары, облыстық құқық қорғау органдары басшылары мен лауазым иелері қатысып, Елбасының тапсырысына орай сот жүйесін одан әрі жетілдіру, сот ісінің ашықтығы мен тазалығын, жариялығын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттер тілге тиек етілді. Бас қосуда сот ісін жүргізудегі техникалық мүмкіндікті молынан пайдалану, судьялардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту, сот ісіндегі электрондық бақылауды жетілдіру, судья этикасы мен мәдениеті жайына ерекше назар аударылды. Осындағы мұрағатта 8 ауданның тиісті құжаттары сақталмақ. Соған сәйкес электронды мұрағат ісі енгізілетін болады. Бұл игілікті шараны алдағы уақытта барлық жерде кеңінен қолдану қарастырылмақ.

Соңғы жаңалықтар