Красноярскінің түбінде көмір тиелген 30 вагон рельстен шығып кетті

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - Красноярск теміржолында қаңтардың 13-іне қараған түні көмір тиелген 30 жүк вагоны рельстен шығып кетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Апат Саян-Тайшет темір жолының Кварцит-Тарбин бір бағытты электрленген учаскесінің аралығында орын алды. Оқиға салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер, сондай-ақ қоршаған ортаға төнген қауіп жоқ.

Учаскедегі қозғалыс жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгенге дейін уақытша тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар