Красный яр ауылында бокстан республикалық турнир басталды

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қаласына іргелес Красный яр ауылында белгілі боксшы,
None
None
халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мереке Жүсіповтың жүлдесін сарапқа салуға арналған республикалық аймақтық турнир басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алтыншы рет өткізіліп отырған сайыстың басты мақсаты ауыл жастары арасында спорттың осы түрін кеңінен насихаттау болып табылады. Биылғы турнирге еліміздің он облысынан келген 1995-1996-жылғы 170 жас жеткіншек қатысып, бақтарын сынауда. Олар 11 салмақ дәрежесінде сайысқа түсуде. Төрт күндік турнир қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққан балғындарға арнайы диплом және бағалы сыйлықтар тапсырылып, «Ең үздік боксшы», «Көрермен көзайымы», «Жеңіске деген жігері үшін» аталымдарында көзге түскендер ерекше сый-сияпатқа ие болады.
Соңғы жаңалықтар