17:17, 15 Шілде 2024 | GMT +5
Креативті бастама иелері де «Дарын» жастар сыйлығына ұсынылуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының номинациялар қатары тағы бір аталыммен толығуы мүмкін.

Қазіргі таңда аталмыш сыйлық мынандай номинациялар бойынша беріледі:
1. Әдебиет;
2. Ғылым;
3. Дизайн және бейнелеу өнері;
4. Журналистика;
5. Классикалық музыка;
6. Қоғамдық қызмет;
7. Спорт;
8. Театр және кино;
9. Эстрада;
10. Халық шығармашылығы.
Мәдениет және ақпарат министрлігі осы қатарға «Креативті бастамалар» атты жаңа номинация қосуды ұсынып отыр.
Бұл бастама «Ашық НҚА» порталында 29 шілдеге дейін талқылауға шығарылып отыр.