«Криосат-2» еуропалық ғарыштық аппаратын «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кейінге қалдырылды

БАЙҚОҢЫР. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Ақпанның 25-іне жоспарланған «Криосат-2» ғарыштық аппараты бар «Днепр» конверсиялық бағдарлама бойынша РС-20 зымыранын ұшыру кейінге қалдырылды,

«Криосат-2» еуропалық ғарыштық аппаратын «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кейінге қалдырылды

деп хабарлады Ресейғарыш баспасөз қызметі.

Бұл ақпаратты біздің тілшімізге ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінде растады. «Оңтүстік» ғарыш орталығының өкілдері Қазғарыш агенттігіне хабарлағанындай, «Криосат-2» ғарыштық аппаратын ұшыру шетелдік тапсырыс берушінің өтініші бойынша қосымша техникалық жұмыстар жүргізу қажеттілігіне орай кейінге қалдырылған.