Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Криптовалюта мен цифрлық теңге бірдей ме

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Ұлттық банкі сауалымызға жолдаған жауабында 18 шілдеде қолданысқа енетін цифрлық теңге мен криптовалютаның айырмашылығын мәлімдеді. 

Криптовалюта мен цифрлық теңге бірдей ме
Фото: Kazinform/ЖИ

— Цифрлық теңге — қолма-қол ақша сияқты Ұлттық банк шығаратын және оның міндеттемесі саналатын төлем құралы. Бұл азаматтардың қаражатын жоғары деңгейде қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ал қолма-қолсыз ақша Ұлттық банктің де, екінші деңгейлі банктердің де өз клиенттері алдындағы міндеттемесі ретінде айналымда бола береді. Криптовалюта мүлде ақша ретінде саналмайды. Олар үшін ешкімнің міндеттемесі жоқ және криптовалюта Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде пайдаланылмайды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін ұлттық банк «цифрлық теңге» ұғымына анықтама бергенін жазғанбыз.