18:01, 20 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Криштиан Роналду Өзбекстанда шеберлік сабағын өткізеді
АСТАНА. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат - Футболдан мадридтік «Реалдің» және Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Криштиан Роналду жас ойыншылар үшін Өзбекстанда шеберлік сабағын өткізеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
Роналдудің Өзбекстанға желтоқсанның 22-сінде келетіні Ташкент көшелерінде орнатылған билбордтарда хабарланған.
Роналду Өзбекстанда ташкенттік «Бунедкор» командасының бас жаттықтырушысы Луис Фелипе Сколаримен бірлесіп баспасөз мәслихатын өткізеді. Сколари мұның алдында төрт жыл бойы Португалия құрамасын басқарған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдары бразилиялық бапкердің «Реалды» жаттықтыруы мүмкін екенін айтуда.