Криштиану Роналду мансабын аяқтауы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — Португалиялық футболшы Криштиану Роналду қазіргі маусым оның кәсіби мансабындағы соңғы маусым болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Бұл туралы 41 жастағы шабуылшы «Vogue» журналына берген сұхбатында айтты.
— Бұл футболдағы соңғы жылым болуы мүмкін. Мен өзімнен кейін үлкен мұра қалдырғым келеді, — деді Роналду.
Криштиану Роналду – «Алтын доп» жүлдесінің бес дүркін иегері және Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы. Португалия құрамасының сапында ол Еуропа чемпионы атанып, Ұлттар лигасын екі рет жеңіп алған.
Футболшы ұлттық құрамалар, Еуропа чемпионаттары, Чемпиондар лигасы және клубтар арасындағы әлем чемпионаттары тарихындағы ең көп гол соғу көрсеткіші бойынша рекордтарға ие.
2022 жылдың желтоқсанынан бері Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін шабуылшы Португалияның «Спортинг», Англияның «Манчестер Юнайтед», Испанияның «Реал» және Италияның «Ювентус» клубтарында ойнаған.
Айта кетелік Футболдан ӘЧ-2026: Криштиану Роналдудың қос голы Португалияға жеңіс сыйлаған еді.