Криштиану Роналду мұражайының кәдесыйлары қазақстандық сатып алушыларға да қолжетімді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Криштиану Роналду мұражайының кәдесыйлары қазақстандық сатып алушыларға да қолжетімді.
None
None

Бұл жайында «Алтын доптың» 2 мәрте иегері К.Роналдудің өзі фейсбуктегі парақшасында жазды.

Мұражай сайтынан португалдық футболшы бейнеленген түрлі кәдесыйларды сатып алуға болады.

«Сәлем достар. КР7 мұражайының онлайн дүкені ендігі уақытта Израильде, Ресейде, Өзбекстанда және Қазақстанда қолжетімді», - деп жазды ол.

Роналду мұражайы өткен жылдың желтоқсан айында спортшының балалық шағы өткен Мадейра аралында ашылған болатын.

Соңғы жаңалықтар