Кристин Муттонен ЕҚЫҰ ПА-ның төрайымы болып қайта сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австриялық парламентші Кристин Муттонен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Парламенттік ассамблеясының (ПА) төрайымы болып қайта сайланды. Мұндай шешім Минскіде өткен ЕҚЫҰ ПА-ның 26-сы сессиясы барысында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «БЕЛТА»-ға сілтеме жасап.
None
None

ЕҚЫҰ парламентшілері сондай-ақ төрайымның төрт орынбасарын сайлады. Ассамблеяның вице-спикерлері: Мариетта Тидей (Италия), Роджер Уикер (АҚШ), Маргарета Седерфельт (Швеция), Виктор Пол Добре (Румыния).

ЕҚЫҰ ПА-ның жазғы сессиясы Беларусь астанасында Минс декларациясын қабылдаумен аяқталды. Сессия күн тәртібі өңірдегі өзара сенімді, сондай-ақ бейбітшілік пен гүлдену жолында ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне арналды. 

Соңғы жаңалықтар