17:58, 08 Ақпан 2011 | GMT +5
Ксерокс компаниясы интеллектуалдық меншік нысандары қоржынын 1031 АҚШ патентімен толықтырды
АЛМАТЫ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ксерокс компаниясындағы интеллектуалдық меншік нысандары қоржындағы АҚШ патенттері былтыр алдыңғы жылмен салыстырғанда 1031 немесе 46 пайызға өскен.
Бүгін Алматыда компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда Ксерокс 2010 жылы АҚШ патентін ұстайтын үздік 20 компанияның қатарына енді.
Ксерокстің технология жөніндегі бас директоры, Xerox Innovation Group президенті Софи Вандерброктың айтуынша, компанияның 2400-ден астам қызметкерінде 5 және одан да көп патент бар. Олардың көбі мұнда қазіргі таңда да өз қызметін одан әрі жалғастырып жүр. Интеллектуалдық меншік қоржынының жыл өткен сайын ұлғаюына инновациялық технологияларға салынатын инвестиция өз ықпалын тигізуде. Мәселен, патенттер саны онда 2006 жылмен салыстырғанда жыл сайын 86 пайызға дейін өскен.