Кіші Талдыкөл орнында салынатын экопарк құрылысына 4,5 млрд теңге жұмсалмақ

АСТАНА.KAZINFORM — Құрылыс жұмыстары биыл басталып, келесі жылы аяқталады. Бұл жөнінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев Үкімет кулуарында мәлімдеді.

Кіші Талдыкөл
Фото: egemen.kz

— Экопарктың жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Мердігер анықталды. Қаржыландыру көздері де қарастырылған. № 5 учаскеде, Кіші Талдыкөлде құрылыс жұмыстары жуық арада басталады деп ойлаймын. Жоспар бойынша, келесі жылы тәмамдалады. Экопарктың жобалық жалпы құны — 4,5 млрд теңге, — деді ол ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысынан кейін кулуарда журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін Астананың қай аумақтарында жаңа саябақ ашылатынын жазғанбыз.