КСРО және Қарағанды облысы футбол ардагерлері құрамаларының жолдастық кездесуі өтті

ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда «Шахтер» стадионында, Шахтер күні және Конституция күні қарсаңында КСРО және Қарағанды облысы футбол ардагерлері құрамаларының жолдастық кездесуі өтті,
None
None

 деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі.

«Аймақта облыс әкімі Нұрлан Нығматулиннің бастамасымен көптеген жақсы дәстүрлер қалыптасты. Олардың ішінде, әрине, дәстүрлі КСРО және Қарағанды облысы футбол ардагерлері құрамаларының жолдастық кездесулерін атауға болады. Мұндай кездесулер осымен төртінші рет өткізіліп отыр», - деді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Дәстүрді өзгертуге болмайды. Міне бүгін біз өзіміздің қымбатты достарымызбен тағы да кездесіп отырмыз. Біз кеңестік футболдың жұлдыздарын өз алаңымызда қашан да көруге құштармыз. Олар Қарағандыға арнайы келіп, өздерінің әдемі ойын өрнектерімен жанкүйерлерді қуанта түседі», - деді Н.Нығматулин.

КСРО футбол ардагерлері құрамасының сапында Ринат Дасаев, Вагиз Хидиятуллин, Игорь Беланов, Борис Поздняков, Юрий Гаврилов, Рамиз Мамедов, Валерий Шмаров, Дмитрий Ананко сияқты теңбіл доп шеберлерінің болғанын атай кеткен орынды. Матчтан репортажды белгілі комментатор Георгий Саркисьянц жүргізд.

Қарағанды облысының құрамасын жасыл алаңға облыс әкімі Н.Нығматулин бастап шықты. Жолдастық кездесу 6:6 есебімен тең аяқталды. Р.Дасаевтың қақпасына екі допты облыс әкімі соқты.

Соңғы жаңалықтар