Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚСЗИ директоры алғашқы теледебаттарға баға берді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директоры Жандос Шаймарданов ұлттық телеарнада өткен алғашқы телевизиялық дебаттарға оң баға берді.

Жандос Шаймарданов
Фото: ҚР Конституциялық соты

— Кеше барлығымыз ұлттық телеарнаның тікелей эфирінде өткен алғашқы телевизиялық дебаттардың куәсі болдық. Мен мұны ашықтықтың, жариялылықтың және жалпы Құрылтайдағы орындар үшін жүріп жатқан ашық әрі бәсекелі сайлау науқанының белгісі деп санаймын, — деді Жандос Шаймарданов.

Сондай-ақ ҚСЗИ директоры алғашқы теледебаттардың көрермен назарын аударғанын атап өтті.

— Мазмұнды бөлігінен бөлек, визуалды безендірілуі де жоғары деңгейде болды. Меніңше, бұл да аудитория мен Қазақстан азаматтарының назарын аударуға ықпал етеді, — деді Жандос Шаймарданов.

Еске салайық, бүгін Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) алаңында сайлауалды науқандағы жасанды интеллектінің рөлі, цифрлық технологиялардың ықпалы және фейк ақпаратпен күрес мәселелері талқыланып жатыр.