ҚТЖ қызметкері халықаралық жүк тасымалы саласына арналған орыс-қытай сөздігін құрастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметкері халықаралық жүк тасымалы саласына арналған орыс-қытай сөздігін құрастырды, деп хабаралады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
None
None

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның ҚХР мен Оңтүстік Шығыс Азия елдері өкілдігінің жетекшісі Аманжол Ибрагимов халықаралық жүк тасымалы саласына арналған орыс-қытай сөздігі анықтамалығын құрастырды.

«Бұл оқу құралы ҚХР-не оқуға келген қазақстандық студенттерге, шекаралық бекет қызметкерлеріне, кеден органдарына, Қазақтан-Қытай көлік-логистикалық компанияларына және басқа да Қытайдың сыртқы экономикалық қарым-қатынасына байланысты салаларға арналған»,-дейді А. Ибрагимов. Бұл сөздікте терминдермен бірге орыс-қытай сөздері транслитерациясымен қатар, Қазақстан, Қытай, Ресейдің ірі логистикалық порттарының топонимикалық атаулары да бар. Мың сөзден тұратын сөздік 2000 данамен шығарылған. Сөздердің дені халықаралық жүк тасымалында қолданылатын терминдерден тұрады.

Соңғы жаңалықтар