«ҚТЖ» ҰК Қостанай филиалының басшылары қамауға алынды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының тергеу соты пара алды деген күдікке ілінген «Қазақстан темір жолы» АҚ - «Жүк көлігі» облыстық филиалы қызметкерлеріне қатысты санкцияларды қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Қостанай филиалының басшылары пара алу сәтінде ұсталды. Серіктестіктің бірін вагондармен уақытылы қамтамасыз еткені үшін филиал бастығына пара бермек болған.

«2019 жылғы 3 ақпанда Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу соты облыстық ПҚКК-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің аға тергеушісі Төрехановтың «Қазақстан темір жолы» АҚ филиалының басқару жүйелерін автоматтандыру жөніндегі директордың орынбасары - «Жүк тасымалдау» - «Қостанай жүк тасымалдау бөлімі» басшысы Құрманалиевке қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялауға рұқсат берді. Сондай-ақ Қостанай станциясы бастығының орынбасары Алматовқа қатысты үйқамаққа алу түріндегі алдын алу шарасын санкциялау туралы өтінішін қанағаттандырды», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Сот шешімі бойынша Құрманәлиев 10 тәулік бойы қамауда болады, ал, екінші күдікті Алматов 2 ай үйқамаққа алынды. Сонымен қатар, «Қазақстан темір жолы» АҚ - «Жүк көлігі» облыстық филиалының директоры Б.Қайдаров та ұсталды.

Қайдаров ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағында, 366-бабы, 3-бөлігі, 2,4-тармақтарында, 366-бабы, 3-бөлігі, 4-тармағында көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін айыпталуда. Ол 2 ай бойы қамауда ұсталатын болады.

Соңғы жаңалықтар