ҚТЖ Жамбыл облысында 21 пойыз уақытынан кешігіп жететінін мәлімдеді

ҚТЖ
Фото: ҚТЖ

Биылғы 15 желтоқсанында Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарының аумағында қатты жел мен аяздың салдарынан жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазақстан Теміржолы» компаниясының мәліметінше, қазіргі уақытта станцияға келу уақытына сәйкес келесі жолаушылар пойыздары кешігеді: 

— № 72 Шымкент-Нұр-Сұлтан 06.00 сағатқа;
— № 3 Алматы-Нұр-Сұлтан 10 сағат 30 минутқа;
— № 27 Алматы-Орал 9 сағатқа;
— № 9 Алматы-Нұр-Сұлтан-1 11.00 сағатқа;
— № 86 Шымкент-Нұр-Сұлтан-1 06.00 сағатқа;
— № 1 Алматы-Ташкент 14 сағат 40 минутқа;
— № 11 Алматы-Шымкент 8 сағат 30 минутқа;
— № 22 Қызылорда-Семей 08.00 сағатқа;
— № 21 Семей-Қызылорда 08 сағат 20 минутқа;
— № 43 Алматы-Қостанай 08.00 сағатқа;
— № 77 Алматы-Маңғыстау 02 сағат 30 минутқа;
— № 29 Алматы-Атырау 07 сағат 20 минутқа;
— № 7 Алматы — Саратов 04 сағат 30 минутқа;
— № 45 Павлодар-Түркістан 03 сағат 40 минутқа;
— № 75 Петропавл-Қызылорда 03 сағат 20 минутқа.
— № 33 Алматы-Ақтөбе 06 сағат 30 минутқа;
— № 506 Жезқазған-Алматы 5 сағат 13 минутқа;
— № 509 Алматы-Орал 06 сағат 37 минутқа;
— № 511 Алматы-Атырау 02.00 сағатқа;
— № 52 Орал-Алматы 12 сағат 36 минутқа;
— № 42 Атырау-Алматы 10 сағат 49 минутқа.

«Биылғы 15 желтоқсанында № 51/52 Алматы 2-Орал және № 41/42 Алматы 2-Атырау бағыты бойынша жолға шығатын пойыздардың кестесі өзгертілді. Тальго № 41/42 Алматы 2-Атырау және кері бағытта пойыз билеттерін сатып алған жолаушылар № 511/512 Алматы 2-Атырау стандартты пойызымен, ал № 51/52 Алматы 2-Орал бағыты бойынша және кері бағытта Тальго пойызына билеттерді сатып алған жолаушылар № 509/510 Алматы 2 — Орал стандартты пойызымен жүреді», — деп ескертті компаниядан.

Соңғы жаңалықтар