Ұлытау облысында жазасын өтеушілерді азаптаған түрме бастығы мен қызметкерлері сотталды

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM — Биыл 30 шілдеде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 мекемесін 7 қызметкері мен Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің 4 қызметкеріне, жалпы 11 адамға қатысты сот үкімін жариялады. Бұл туралы Ұлытау облысының прокуратурасы хабарлады. 

Сот
Фото: freepik.com

Қылмыстық істі Ұлытау облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеді.

Прокурорлар айыпталушылардың сотталған 11 адамға қатысты азаптау әдістерін қолданғандығын тергеу арқылы дәлелдеді.

«Сот үкімімен Мекеме бастығы мен оның режим жөніндегі орынбасарына 6 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, осы Мекеменің басқада 5 және Әскери бөлімінің 4 қызметкерлеріне 4 жыл мен 4 жарым жыл мерзімдерге бас бостандықтарынан айыру түріндегі жазалар тағайындалды», — делінген сот хабарламасында. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Теміртауда Ұлттық ұланның 36 әскери қызметшісі жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар