Қуат Хамитов жекпе-жекке шақырған Әмірхан Тілеуовке жауап берді

ММА шебері отандасының шаршы алаңда кездесу туралы ұсынысына ескі тәмсілмен жауап қатқан.
«Мен былайша жауап берейін: Бір күні арыстанға ит келіп, оны шайқасқа шақырады. Бірақ арыстан оған назарын да аудармапты. Сонда ит: «Егер сен менімен төбелеспесең, мен барлық достарыма арыстанның менен қорқатынын айтып беремін», - депті. Арыстан сонда: «Иттермен төбелесіп жүр екен дегенше, иттерден жасқанады екен» деп айта берсін деген екен. Мені кім шайқасқа шақырғанын естімедім. Бірақ кім болса да, менімен бетпе-бет келетін адам лайықты қарсылас болсын! Әлемнің үш дүркін чемпионы және Азия мен Қытайдың үздік спортшысы кім көрінгенмен жұдырықтаса бермейді», - деді спортшы.
Шабуылға шақырудың түпкі себебі Қуат Хамитовтың қазақстандық футболшыларға айтқан сынынан шыққан еді. Ол тұста «Найман» елдегі футболды дамытуға бөлінетін қаражаттың желге ұшып кетіп жатқанын жазған еді.
«Астана» мен «Селтик» арасындағы екінші ойынның қорытындысы Қуат Хамитовтың ойын өзгерте алмапты.
«Бұл ойынның нәтижесі бірінші матчта-ақ шешіліп қойған. Екінші кездесуге жаңадан ойнап жүргендер, яғни қосалқы құрам келген. Сондықтан, ақымақтардың басқасынан бәрі де «Селтиктің» бұл матчқа қызығушылық танытпайтынын білді. Жалпы алғанда, барлық журналистер мен футбол жанкүйерлеріне айтарым бар: Сіздер Әлем кубогы дәрежесіне жеткен кезде ғана маған футбол туралы сұрақ қойсаңыздар екен», - деді «Найман».
Бұдан бұрын қазақстандық боксшы Әмірхан Тілеуов «Найман» атты лақап аты бар Қуат Хамитовты 26 тамызда Шәріпова мен Колеваның арасында өтетін шоуда кездесуде шақырған болаты. Бокс кеші «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі Амфитеатрда ұйымдастырылмақ.