Куәйтқа Олимпиада ойындарына қатысуға тыйым салынды

АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада комитеті Куәйтті үкіметтің елдегі спорттық өмірге араласуына байланысты ойындарға қатысудан шеттетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.руға сілтеме жасап.

Халықаралық Олимпиада комитетінің мәлімдемесінде айтылғанындай, шешім «Куәйттағы олимпиадалық қозғалысты қорғау» үшін қабылданған. Ойындарға қатысуға деген тыйым Жаңа жылдың алғашқы күнінен-ақ күшіне енді. Халықаралық Олимпиада комитеті саясаткерлердің спорт ісіне араласу мәселелері бойынша Куәйтпен 2007 жылдан жұмыс істеді.

Осылайша, Куәйттің споршылары Олимпиада ойындарына қатысу құқығынан айрылды, ел комитеті Халықаралық Олимпиада комитетінің жиналыстарына қатыса алмайды.

Соңғы жаңалықтар