Куба АҚШ-тан эмбаргоны алып тастауды сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гавана мен Вашингтон арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты ресми қалыпқа келтіру қарсаңында Куба мемлекеттік кеңесінің басшысы Рауль Кастро АҚШ-пен қарым-қатынастың жаңа түрін орнатуы қажет екенін мәлімдеді, деп жазады «ВВС» агенттігі.
None
None

Елшіліктердің ресми ашылуы алдағы дүйсенбі күні өтуі тиіс. Еске салайық, АҚШ пен Куба дипломатиялық қарым-қатынасы 1959 жылғы көтерілістен кейін бұзылған.

Рауль Кастро екі ел арасындағы қарым-қатынасты орнату үшін 1960 жылы президент Джон Кеннеди енгізген эмбаргодан толық бас тартқан жөн екенін айтты.

Куба лидері АҚШ президенті Барак Обаманың бұл бағыттағы талаптарына тоқталды.

Соңғы жаңалықтар