Кубада Италиядан келген туристен маймыл шешегі анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәрігерлер Куба аумағында маймыл шешегі вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайын тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап.
None

Инфекция жұқтырған адам 15 тамызда республикаға Италиядан келген турист болып шықты.

«Екі күннен кейін онда инфекцияны жұқтыру белгілері пайда болды, оны талдау растады. Науқастың жағдайы ауыр»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ аталған хабарда кәмелетке толмаған адамның маймыл шешегін жұқтыруының алғашқы оқиғасы Нью-Йоркте тіркелгені айтылады. Инфекцияны жұқтырған 192 адамның біреуі кәмелетке толмаған. Штаттың денсаулық сақтау департаментінде оның жасы көрсетілмеген.

Мұндай жүгінулер алғаш рет АҚШ аумағында шілде айының басында тіркелді. Болжам бойынша, пациенттердің вирус тасымалдаушыларымен қарым-қатынасқа түсуі үй шаруашылығында болған.

Америкалық ауруларды бақылау және алдын-алу орталықтары бүкіл ел бойынша маймыл шешегінің 14 115 расталған жағдайы туралы хабарлайды.

Барлық штаттар арасында Нью-Йоркте 2744 расталған жағдаймен жұқтырғандардың ең көп саны тіркелген.


Фото:abcnews.go.com




Соңғы жаңалықтар