Құбырдағы апат салдарынан Оралдың бір бөлігі сусыз қалды

ОРАЛ. KAZINFORM – Оралға қарасты Зачаган кентінде су құбырында апат болды. 

ауыз су
Фото: Kazinform

«Батыс су арнасы» ЖШС-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Әзербайжан көшесі бойында диаметрі 400 мм су құбырынан ақау шыққан.

Соған Әзербайжан, Т.Бигелдинов көшесі, «Балауса» шағынауданы және Байтақ көшесі 2/2-мекенжайына бүгін сағат 12.00-ден бастап салқын су беру тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстарының қашан аяқталатыны белгісіз.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, Зачаган кентінде осындай жағдай жиі болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда «Ақжайық» шағынауданының тұрғындары су ақысын төлей алмай отырғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар